«Өскемен-Алтай» тасжолында дизель отынын тиеген жүк көлігі аударылып қалды

348
көрілім

Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай» тасжолының 65-шақырымында дизель отынын тиеген жүк көлігі аударылып түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 
ШҚО Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға бүгін сағат 12.20 шамасында орын алды.
«Дизель отынын тиеген КамАЗ-ды 47 жастағы жүргізуші тізгіндеген. Ол Алтай қаласына қарай бара жатты. Кенет ер адам рульді басқара алмай қалып, жүк көлігі аударылып қалған. Абырой болғанда өрт тұтанбады. Ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Тәртіп сақшылары жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырған.