Алтай ауданына барар жолдағы өртті ұялы телефонға түсірген жолаушылар бейнематериалды әлеуметтік желіге салып, жарыса талқылауда, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Куәгерлердің мәліметінше, күре жолдың бойындағы егістік алқабы отқа оранған. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрт жайлы хабар түспегенін айтады.
Бұған қоса, желідегі бейнематериалға жазылған пікірлердің арасында «бұл астығы орылған танап. Мүмкін жырту үшін әдейі өртеген шығар» деген де пікір айтылуда.