Өскеменде 239 аула қардан тазартылды

289
көрілім

Өскемен қаласында аулаларды қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта қаладағы 946 ауланың 239-ы қардан тазартылған. Атқарылып жатқан жұмыс барысы Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі мен ПИК қауымдастығының бақылауында. Сондай-ақ коммуналдық мекемелер ПИК қызмет көрсетпейтін аула тұрғындарына көмектесуде. Бүгінде олар 9 ауланың қарын күреп берген.

- Жеке сектордағы үйлер бойынша жұмыстар күшейтілді. Аблакетка, Сол жағалау, Красин, Үлбі кенттері мен 23-ші шағын ауданда қар тазаланды. Түнде автобустардың соңғы аялдамалары мен жергілікті жолдардың қары шығарылады, - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.