Өскеменде 24 жастағы жігіт суық қарумен ұсталды

499
көрілім

Облыс орталығындағы көшелердің бірінде қалтасына кастет салып жүрген жігіт ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оқиға кеше болған. Полиция қызметкерлерінің күнделікті қызметі барысында қала көшелерінің біріндегі аулада 24 жастағы жігіт қолға түсіп, тексеру кезінде шалбарының сол жақ қалтасынан кастет тәрізді зат табылған. Сараптама қорытындысы ол заттың суық қару түріне жататын кастет екенін және қолдан жасалынғанын дәлелдеген.

Демек күдіктінің іс-әрекетінде ҚР Қылмыстық Кодексі 287-бабының 1 бөлімімен қарастырылған қылмыс белгілері бар. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдікті азаматқа ешқайда шықпау жөнінде қолхат берілді.