Өскеменде 24 жастағы жігіттің қалтасынан кастет табылды

500
көрілім

Облыс орталығындағы көшелердің бірінде қалтасына кастет салып жүрген жігіт ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оқиға кеше болған. Полиция қызметкерлері қала көшелерінің біріндегі аулада 24 жастағы жігітті тексеру кезінде шалбарының қалтасынан кастет тәрізді зат тапқан. Сараптама қорытындысы бойынша ол заттың суық қару түріне жататын кастет екені және қолдан жасалғаны анықталды.

Демек күдіктінің іс-әрекетінде ҚР Қылмыстық Кодексі 287-бабының 1 бөлігімен қарастырылған қылмыс белгілері бар. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдікті ешқайда шықпау жөнінде қолхат жазды.