Өскеменде 3 адам коронавирус жұқтырды деген жалған ақпарат тарауда

115
көрілім

Өскемен қаласындағы коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында құрылған штаб өкілдері тұрғындарды әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кешелі бері әлеуметтік желілерде «Өскеменге Мәскеуден келген 3 адамнан коронавирус анықталды» деген ақпарат тарап кеткен.

- Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Қазірде ШҚО-да бірде-бір коронавирус жұқтыру фактісі тіркелмеген. Ел арасында жалған ақпарат таратқандардың заңға сәйкес жазаға тартылатынын ескертеміз, - деп хабарлады штаб өкілдері.