Өскеменде 60 жастағы қалта ұрысы ұсталды

2065
көрілім

Өскемен қалалық Полиция басқармасыың Үлбі полиция бөлімшесіне 36 жастағы әйел хабарласып, «Спорт сарайы» аялдамасында тұрғанда белгісіз біреу оның күртешесінің қалтасынан екі Samsung маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткеніне шағымданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті таратқан мәліметке сәйке материалдық залал мөлшері 200 000 теңге.

- Жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде Қылмыстық полиция қызметкерлері кінәсін мойындап, ұрланған мүлікті иесіне қайтарған 60 жастағы ер адамды анықтады, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.