Өскеменде 68 жастағы қарияны алдаған әйел адам ұсталды

326
көрілім

Облыс орталығында полицейлер алаяқ әйелге қатысты тергеу амалдарын жүргізуде, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Зейнеткердің үйіне келген азаматша 25 мың теңгеге жастық алып беретінін айтқан. Бұған сенген қала тұрғыны оның сұраған ақшасын бере салады. Арыз түскеннен кейін полицейлер көп ұзамай күдіктіні анықтаған.

Қазіргі уақытта бұрын сотты болған 48 жастағы әйел өз кінәсін мойындап отыр. ҚР ҚК-нің 190-бабымен тергеу амалдары жүргізілуде.