Өскеменде алаяқ екі адамның 20 млн теңгеден астам қаржысын жымқырған

576
көрілім
Шартты фотосурет

Таяуда Өскемен қалалық Полиция басқармасы Үлбі полиция бөлімшесінің «102» жедел арнасына 24 жастағы қала тұрғыны алаяқтың алдауына түскенін айтып жүгінген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция Департаменті ұсынған мәліметке сәйкес алаяқтың құрбанына айналған жігіттің былтыр сәуір айының ортасында бейтаныс қызға 4 млн теңге бергені анықталды. Алаяқ әйел оның жинақ сомасын екі есе көбейтуге уәде берген.
Белгілі болғандай, сол күні осы тақылеттес өтінішпен 32 жастағы Тарбағатай ауданының тұрғыны жүгініпті. 2019 жылы қыркүйек айының ортасында бейтаныс қызға тиімді бағаға пәтер сатып алуға 19 млн. теңгеден астам қаржы берген.
– Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде қылмыстық полиция қызметкерлері 27 жастағы Тарбағатай ауданының тұрғынын анықтады. Күдікті тергеу әрекеттері барысында кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі, 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.