Өскеменде алаяқ зейнеткердің 30 мың теңгесін жымқырған

441
көрілім
Шартты фотосурет

Қаңтар айының 17-сі күні Өскемен қалалық полиция басқармасы Үлбі ПБ кезекші бөліміне 72 жастағы тұрғыннан арыз түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Зейнеткер қаңтар айының 14-і күні пәтеріне келген көршісі азық-түлік сатып алуға көмектесемін деп алдап кеткендігіне шағымданды.
- Келген адамның ойында ақша иелену болған. Осылайша зейнеткер қолдағы қаражатынан айырылып, азық-түліксіз қалды. Келтірілген шығын сомасы 30 000 теңге. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 35 жастағы жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам кінәсін мойындады, - делінген мәліметте.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.