Өскеменде Амал мерекесі атап өтілді

1244
көрілім

Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада Амал мерекесі атап өтілді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі. 

Бұл күні кітапхананың  «Оқу залы» мерекеге орай көрнекіленіп, еңбек ұжымы ұлттық киім киген. Көпұлтты еліміздің береке мен бірлігінің айқын көрінісіне айналған Амал күнінде руханият ошағына келген халық төс қағыстырып, бір-бірін шын көңілден құттықтады. Биыл Наурыз  мейрамының халқымызға қайта оралғанына тұп-тура 35 жыл толып отыр.

Шара барысында домбырамен ән айтылып, Оралхан Бөкейдің 25 жасында жазған Ұлыстың ұлы күнімен құттықтауы оқылды. Сондай-ақ «Әз Наурыз:  Амал күні – аман көрдім!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мерекелік шара соңында жиналған қауымға бата беріліп, ізгі-тілектер айтылды.