Өскеменде «AMANAT» партиясы өткізген жиында басқармаларға айтылған ұсыныстардың іске аспағандығы анықталды

807
көрілім

«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жиынның күн тәртібінде  кеңестің 2022 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланып 2023 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.
- AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасының тармақтарының орындалуы бойынша 15-тен астам сұрақ, өзгеде қоғамдағы мәдениет, тіл саясатына байланысты 10-нан астам сұрақтар қаралып тиісті басқармаларға  ұсыныс хаттамалық тапсырма ретінде берілді, - деп атап өтті аймақтық кеңестің төрағасы Әскерхан Хуанбай.
Әр тоқсан сайын өткен кеңестің отырысында кеңес мүшелері өздерінің қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын айтып пікірлерін білдіріп келеді.
- Біз осы жылы өткен кеңестің әр отырысында бір неше басқармаға арнайы ұсыныстар айттық, кеңес тарапынан хаттамада жолданды. Нәтижесінде тек қағаз жүзіндегі ақпарат жауаптар ғана беріледі. Нақты іске асып жатқандығын көрмейміз, -  деді кеңес мүшесі Мерей Қайнарұлы.