Өскеменде «AMANAT» партиясының өкілдері Президент Жолдауын талқылады

556
көрілім

«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының активі Президент Жолдауын талқылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жалпыға бірдей әділетті мемлекет пен өркендеу қоғамын қалыптастыруға бағытталған жаңа Жолдау партияға ерекше жауапкершілік пен үлкен міндеттер жүктейді. Осы тұрғыда жаңарып келе жатқан «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының барлық бастамаларын толық қолдайды және оларды іске асыруға белсенді қатысатын болады.
- Партия еліміздің саяси өмірінде ерекше орын алады және өз жұмысын ел игілігі үшін жалғастырады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының бағыт-бағдарын айқындап берді. Бұл «КүштіПрезидент-ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына негізделген жаңа, әділ Қазақстанды құру жөніндегі саяси шешімдерінің жалғасы десек болады, - деді қатысушылар.

Жолдауда Мемлекет басшысы негізінен әлеуметтік- экономикалық реформаларды жүзеге асыру жолдарын қамтитын 5 бағдарды атап өтті.
Қазір нақты нәтижелер мен проблемаларды тез шешу маңызды. Шығыс Қазақстан облыстық партия филиалының төрағасы Даниал Кенжетайұлы Ахметов өңірдегі партия мүшелеріне Мемлекет басшысының тапсырмаларын жандандырып, бастамаларын қолдау қажеттігін тапсырды.