Өскеменде автобус бағыттарының бірі өзгеруі мүмкін

319
көрілім

ЖМК ықшамауданындағы қоғамдық көліктер мәселесіне ШҚО Жолаушы тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Таяуда Өскемендегі Ана мен бала орталығы Қазыбек би даңғылындағы жаңа ғимаратқа көшірілген болатын. Сол-ақ екен, ата-аналар тарапынан орталыққа жететін автобустарға шағым көбейе түсті. Себебі Ана мен бала орталығына №17, №43 автобустарфмен қатынауға болады. Оның өзінде №43 автобус демалыс күндері жүрмейді.

Бұл мәселеге орай ШҚО Жолаушы тасымалы және автомобиль жолдары басқарамасы басшысының орынбасары Ернар Мұстафин жауап берді.

- Қазіргі кезде Қазыбек би даңғылында орналасқан Ана мен бала орталығына баратын №17, №26, №60 автобус маршруттарының бірін кеңейту мәселесі қарастырылуда. Жақын арада бұл мәселе өз шешімін табады деген сенімдемін, - деді Ернар Мұстафин.