Өскеменде автокран мен автобус соқтығысты

321
көрілім

Полиция қызметкерлерінің ақпараты бойынша, №32 бағыттағы автобус жүргізушісі ауа райы жағдайын ескермеген, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы бүгін таңғы сағат 7.00-де Согра шағын ауданында орын алған.

- №32 бағыттағы 54 жастағы автобус жүргізушісі ауа райы жағдайын ескермеген. Оның нәтижесінде автобус сырғанап қарама-қарсы келе жатқан автокранмен соқтығысады, деп түсіндірді Өскемен қалалық Полиция басқармасының басшысы. - Зардап шеккендер жоқ. Автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.