Өскеменде «Бақытты отбасы» жобасы қорытындыланды

399
көрілім

Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада «Бақытты отбасы» жобасы аясында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жоба жұмыстары көрсеткендей елімізде отбасылық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, ажырасудың алдын алатын жаңаша қадам жасалу керек. Ол үшін қажетті шараларды мектеп қабырғасынан бастау қажет. Біз осы жоба аясында ажырасу көрсеткішін 49 пайызға дейін азайттық. Бастапқыда бізге әйелдер көп келген. Ал қазір ерлер де келе бастады. Бұл жұмыс өнімділігін көрсетеді. Көп адамдар өз отбасылық міндеттерін білмей соның салдарынан ажырасып жатады. Соған қарай осындай келеңсіздікті азайту мақсатында ауылдар мен аудандарға дейін барып түсіндіру жұмысын жүргіземіз, – дейді «Бақытты отбасы» орталығының психологы Назгүл Тәубәқұлова.

Жоба сарапшыларының тағы бір ұсынысы – АХАТ (бұрынғы АҚАЖ) мекемесі некеге тұрғызумен бірге отбасын сақтау қағидаттары туралы білім беретін орын болуы тиіс. Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың есімдерін жарияламай, құпия ұстау тәртібі бойынша да бірқатар ұсыныстар айтылды.

«Бақытты отбасы» жобасының мақсаты – елімізде ажырасу деңгейін төмендету үшін ҚР Отбасы және неке туралы заңына өзгерістер енгізу ұсыныстарын дайындау. Шығыс Қазақстан облысы бойынша санақ деректеріне жүгінсек, 2019 жылдың 8 айында 6 221 неке тіркелсе, 3129 отбасы ажырасқан.