Өскеменде балабақша мүлкін тонап кеткен

306
көрілім
Шартты сурет.

Мектепке дейінгі мекемелердің бірінде жалпы көлемі 130 000 теңге болатын заттарды ұрлап кеткен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

– Қазан айының 2 күні Назарбаев даңғылында орналасқан балабақша қызметшісі тәртіп сақшыларына қоңырау шалып, белгісіз біреулердің музыкалық аппаратура, теледидар мен кілемді ұрлап кеткендігін айтқан, – дейді қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мамандары. Шығын көлемі 130 мың теңгені құрады.

Заңбұзушылық іске қатысы бар деген 1985 жылғы жұмыссыз әйел тергеуге алынған. Оның заттарды мекемеден қалай алып шыққандығы белгісіз. Алайда күдікті кінәсін толық мойындаған. Азаматшаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.