Өскеменде балалар қараусыз қалған пәтерді өртенді

409
көрілім

27 қаңтар күні Ә.Молдағұлова көшесінің бойындағы 5 қабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатында орналасқан пәтер отқа оранды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Қызыл жалын кеше таңғы сағат 5.24-те Молдағұлова көшесінің бойында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатында орын алды. Пәтердің ағаш есіктері мен жеке заттары жанып кеткен. Тілсіз жау шарпыған жалпы аумақ 0,5 шаршы метрді құрады.

Өрттің шығу себептерін анықтау барысында белгілі болғандай, балалар үйде үлкендердің қарауынсыз қалған. Ішінде күнбағыс майы құйылған ыдысты қыздырмақ болып пешті қосады. Май күйіп, түтін шыға бастаған кезде олар майлы ыдысқа су шашып жіберген. Осыдан өрт шығып, жалын пәтерге жайылған.