Өскеменде банк қызметкері тауып алған жеке куәлікке несие ресімдеген

434
көрілім

Әккі бойжеткеннің банктен алған сомасы 500 мың теңге мөлшерінде. Келісімшартты бөгде біреудің атына жасаған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Полиция қызметкерлері 24 жастағы Ұлан ауданының тумасын банк саласында жұмыс істегенін айтты. Бөтен адамның жеке куәлігін тауып алып, 36 жастағы әйелдің атына несие алған.

– Қарыз алу құны – 495 250 теңге. Күдікті тергеу кезінде қолмен істегенін мойнына алды, – дейді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қыздың жөнсіз әрекетіне қарай «Алаяқтық» бабы бойынша сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.

Әділхан ЕСІМХАНОВ