Өскеменде бірлік күніне орай мерекелік шара өтті

781
көрілім

Бүгін кітапханамызда 1 мамыр – Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне орай, «Біз біргеміз!» атты мерекелік іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бірліктің туын биік ұстаған әр ұлт өкілдері кітапханамызда бас қосып, береке-бірлікті одан әрімен нығайтты. Сонымен бірге, №3 орта мектептің оқушылары да шараға қатысты.
Этнос өкілдері  өз ұлттық киімдерін  киіп, әр түрлі тілде сөйлесе де, жүректері бірлік пен татулықты жырлады. Шара барысында қонақтарға кітапханамызбен ондағы көрсетілетін қызмет түрлерін айтып беріп, кітап көрмесімен таныстырды..
Ерекше бір есте қаларлығы, қонақтарымыз өз ана тілдерінде «Біз біргеміз!» деп ұрандатты.


- Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін! Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысайық, - деді Поляк диаспорасының өкілі Валентина Фрышко.