Өскеменде бірнеше көлік соқтығысты

63
көрілім

Көлік басқару арақашықтығын сақтамау салдарынан Назарбаев және Стаханов көшелері қиылысында көліктер соқтығысып қалған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Қала тұрғындары кеше кешкі сағат 19.30-да болған жол-көлік оқиғасын ұялы телефонға түсіріп алған. Бейнематериалдан үш көліктің қақтығысып қалғаны белгілі. Бірақ жол полиция қызметкерлері екі жүргізушіге ғана қатысты мәлімет беріп отыр.


- 18 жастағы «Nissan» маркалы автокөлігінің жүргізушісі аралықты сақтамай, алдында тұрған көлікке барып соғылған. Зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады Өскемен қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі.


Жапон маркалы темір тұлпарды тізгіндеген жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.