Өскеменде бүгіннен бастап студенттік жол жүру билеттері сатылады

300
көрілім

Жеңілдікпен сатылатын жол жүру билеттерін қаланың оқу орындарынан алуға болады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

«Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің» хабарлауынша, күндізгі бөлімде оқитын ЖОО мен колледж студенттеріне қоғамдық көлікпен қалаішілік бағыттарға арналған билеттер сатылып жатыр. Қандай да бір сұрақтар бойынша оқу орындарына хабарласып, білуге болады.

Өскемен қаласының білім беру бөлімінің ақпараты бойынша, 2019 жылы жергілікті өкілетті органдардың шешімімен шығындарды өтеу жол жүру билетінің құнынан 2500 теңге есебінен жүргізілмек.