Өскеменде Драма театр ұжымы балаларға «Мақта қыз» ертегісін ұсынбақ

846
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Шығыс Қазақстан облыстық драма театры Наурыз мейрамына орай бүлдіршіндер мен жас жеткіншектерге ерекше тосын сый даярлап жатыр.

Театрдың қылығы тәтті, әрі ең ақылды көрермендерінің назарына заманауи «Мақта қыз» ертегісі ұсынылмақ.

– Баршамызға таныс «Мақта қыз» ертегісінің желісімен сахналанған қойылым. Ертегі ата-әжесінің кішкентай еркесі Мақта қыздың ауылға келуінен басталады. Қала өміріне әбден үйренген ерке қызды ауыл тіршілігі қалай қабылдады? Сөйлей білетін жан-жануарлар өмір сүретін ауылдың құпиясы неде? Көпшіліктің «досына» айналған «смартфонның» әлеуметтік желіден басқа пайдасы бар ма? Осы және басқа да шытырман оқиғаға толы жас көрермендерге айтары мол ертегіні бірге тамашалайық! – делінген театрдың баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Өтетін күндері:

  • 17, 18, 23, 25, 26 наурыз сағат 12:00-де, 22 наурыз сағат 14:00-де

Ертегінің алдында Наурыз мерекесіне арналған көрініс көрсетіледі!

  • Билет бағасы - 1000 тг

  • касса: 71-00-79, 8(776)871-00-79

Бас әкімгерлер: 8(778)459-27-57 (Қорлан), 8(775)223-94-07 (Айгерім)