Өскеменде электронды билеттеумен айналысатын компания белгілі болды

402
көрілім

Байқауды Беларусь Республикасының өкілдері жеңіп алды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

– Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы байқауды өткізіп қойды. Нәтижесінде Минск қаласындағы бір компания ұтып алып, жұмысқа кірісіп те кетті. Аталған компанияның жеке бағдарламасы мен өз мамандары бар, – деді шаһар басшысы Жақсылық Омар.

Электронды билеттеу аппараттарын орнату қазан айында басталады. Айта кету керек, бірінші кезекте жаңа қондырғылар трамвайларда жабдықталады.

Бұл жұмыстар алдын ала жоспар бойынша 2020 жылдың бірінші тоқсанында аяқталуы тиіс.