Өскеменде әлеуметтік көмектің жаңа түріне қатысты пікір білдірді

392
көрілім

Бұл туралы Өскемен қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары Венера Мусина айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– 2020 жылдан бастап Қазақстанда әлеуметтік көмектің жаңа түрі беріледі. Ол отбасының табыс деңгейіне қарамастан көпбалалы отбасыларға арналған бірыңғай жәрдемақы мен басқа шараларды қамтиды. Бұл ретте отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыс істеуі тиіс, әйтпесе АӘК төлемі барлық отбасы мүшелері үшін тоқтатылады, – дейді Венера Мусина.

Оның айтуынша, бұл өте дұрыс және әділ шешім. Көпбалалы отбасыларға қолдау көрсеткенмен қатар, олардың масылдыққа бой үйретіп алмауына шаралар атқару қажет.

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілі ашықтық, әділдік және еңбекке  деген ынта қағидаттарына бағытталған.