Өскеменде ер адам 3 тотықұс ұрлағаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

66
көрілім

Облыс орталығында 31 жастағы еркек зоодүкенді тонап кеткен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Ұры қалалық базарда орналасқан дүкеннен үш тотықұсты ұрлады. Бір қызығы ол, құстардан басқа ештеңеге тиіспеген. Тіпті сауда залындағы кассаға да қол тигізбеген.

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Заңбұзушы бұл ісі үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.