Өскеменде ер адам бұрын бірге тұрған әйелдің үйіне ұрлыққа түскен

295
көрілім

10 қаңтар күні ер адам бұрын өзімен бірге тұрған әйелдің үйіне ұрлыққа түскен, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Өскемен қалалық Ертіс полиция бөлімінің қызметкерлері 35 жастағы ер адамды қолға түсірді.

Белгілі болғандай ол бұрын өзімен бірге тұрған әйелдің үйіне кіріп ас үйдегі тоңазытқышта тұрған 15 дана манты мен жатын бөлмеде ілулі тұрған халаттың қалтасынан 20 мың теңге ақша ұрлаған. Барлық келтірілген шығын көлемі 21 140 теңгені құрады.

- Тергеу барысында ер адам барлық кінәні мойындады, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Тек заттай дәлелдер табылмады. Себебі күдікті мантыны жеп, ақшаны жұмсап жіберген.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 188 бабы бойынша сотқа дейінге тергеу амалдары жүргізілуде.