Өскеменде ер адам есірткі қабылдап рөлге отырған

892
көрілім
Шартты фотосурет

Қаңтар айының 25-і күні Өскемен қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы Қазақстан көшесінде облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны тізгіндеген «ВАЗ» автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тәртіп сақшылары жүргізушіні психотроптық заттардың әсерімен жүр деп күдіктенген. Наркологиялық сараптама қорытындысы Өскемен тұрғыны каннабиноидтар тобының есірткі заттарын қолданудан туындаған есірткіге мас күйінде болғанын көрсетті.

- Тексеру кезінде ер адам 2020 жылы қаңтар айының ортасында Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты шешімімен 2023 жылға дейінгі мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылып, соған қарамастан қайта рөлге отырғаны анықталды, - делінген мәліметте.

Бүгінде көлік арнайы тұраққа қамалып, құқық бұзушы қамауға алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігіне (Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольден, есірткіден немесе уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлікті есірткі қабылдаған адамға беруі, сол сияқты санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін көлік құралын басқаруға осындай адамды жіберу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.