Өскеменде ер адам әйелдерге арналған заттарды ұрлап ұсталды

363
көрілім

Облыс орталығында ерекше ұрлық фактісі тіркелді. 35 жастағы еркек әйелдердің затын жымқырған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Оқиға түнгі уақытта орын алған. Еш жерде жұмыс істемейтін ер адам балкон есігін бұзып кіріп, әйелдер жейдесін, 2 пар әйелдер туфлиін және 4 француз әтірін үптеп кеткен. 28 жастағы жәбірленуші, келген шығын көлемі 179 мың теңгені құрады.

– Жедел-іздестіру шаралары барысында ұры қолға түсіп, кінәсін толық мойындады. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Рүстем МҰҚАЖАНОВ