Өскеменде ер адам суға кетті

399
көрілім

Қайғылы оқиға 14 тамыз күні Ертіс өзені арнасында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

- Достарымен бірге жағалауда болған азамат 1993 жылы туған. Ер адам тыйым салынған өзен аумағында шомылған. Достары оны аман алып қалуға тырысқанымен, түк шықпағанын айтты, - дейді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Сүңгуірлер марқұмның денесін тек 15 тамызда ғана тапты