Өскеменде Ертіске батып кете жаздаған ер адам құтқарылды

381
көрілім

Өскеменде Шығыс аймақтық аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы өзенге батып кете жаздаған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Сақтық шараларын ескермеген жігіт суға түсу үшін Октябрь жағалауына келіп, Ертіс өзеніне сүңгіп кеткен. Арада біраз уақыт өткен соң ол жағалауға дейін жүзіп жете алмайтынын түсінген. Понтон көпірінен өтіп бара жатқан ер адам жағаға жете алмай жүрген жігітті байқап, 112-ге қоңырау шалады

– Шығыс аймақтық аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы ер адамды жағаға шығарып, жылы киімдер берді, – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД өкілдері жігіт суға түскен жағаға қайтадан келгенде, киімдері мен ұялы телефонының жоғалып кеткенін байқаған. Сондықтан құтқарушылар ер адамды үйіне дейін жеткізіп тастады. Ауа райының құбылып тұрғанына қарамастан суға түскен ер адам ішімдік ішкен көрінеді.