Өскеменде есірткі қабылдап, жолаушыларды тасымалдаған қоғамдық көлік жүргізушісі ұсталды

307
көрілім

Облыс орталығының жүргізушісі зиян затты қабылдағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Тәртіп сақшылары рейдтік шаралар кезінде заңбұзушылыққа тап болды. Қала сыртында тасымал жасайтын 28 жастағы шағын автобус жүргізушісі "каннабиноид" атты есірткі затын қабылдаған. Бұл жүргізілген сараптама нәтижесінде анықталды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Еске сала кетейік, 10-17 қазан аралығында облыс аумағында «Автобус» жедел алдын алу шарасы өтуде.