Өскеменде «Әскер қатарына шақырушылар күні» аталып өтті

319
көрілім

14 қарашада «Ертіс концерт» ОМҮ-нің концерт залында Шығыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі демпартаментіне 80 жыл және «Әскер қатарына шақырушылар күні» аталып өтті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Мерекелік шараға әскери бөлімдерді, ШҚО Ардагерлер одағының, ШҚО интернационалист-жауынгерлер одағының өзілдері келіп қатысты. Кеш барысында қызметін адал атқарған азаматтарға «Алғыс хат» табысталып, Республикалық қоғамдық бірлестіктің облыстық филиалының төрағасы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрметті ардагері Билялов Токен Жүнісұлы
ШҚО қорғаныс істер жөніндегі департаментінің басшысы Қайырқанов Қайырбек Сайлаубекұлына қызметін адал атқарғаны үшін арнайы орден табыс етті.

- Құрметті кешке жиналып отырған көрермен! Сіздерді бүгін көріп отырғаныма шын жүректен қуаныштымын! Барлығыңызды бүгінгі мерекемен құттықтаймын! - деп ШҚО қорғаныс істер жөніндегі департаментінің басшысы Қайырқанов Қайырбек Сайлаубекұлы жылы лебізі мен алғысын білдірді!