Өскеменде әскерге шақырылушыларды шығарып салу рәсімі өтті

1206
көрілім

Кеше «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» концерт залында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл жолы салтанатты шараға Отан алдындағы борышын өтеушілер ғана емес, Өскемен қаласы жалпы білім беретін мектептерінің 10-11 сыныптар оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері және әскери-техникалық кәсіптік колледж студентері, ҚР әскери қызмет ардагерлері, соғыс ардагерлері, Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, сарбаздардың ата-аналары қатысты. ШҚО мәдениет басқармасына қарасты «Ертіс концерт» солистерінің өнерін де айта кеткен орынды.

Айта кетейік, жас сарбаздар арнайы комиссия психилогиялық, медициналық тексерістен өткен соң әскер қатарына алынды.

- Бүгін Отан алдындағы борышын өтеуге келген жігіттерді арнайы комиссия тексереді. Соның нәтижесіне қарай олар әскерге жіберіледі. Барлығы 700-ге жуық азаматты әскер қатарына шақыру жоспарланған. Бүгінгі күннің өзінде 5 команда шақырылды. Сәуір айының 10-на дейін аттанатын 2 команда бар. Олардың барлығы психологиялық, кәсіби және медициналық тексерістен өткен - деді ШҚО әскери істер департаментінің бастығы Қайырбек Қайырханов.

Концерт барысында патриоттық әндер айтылып, болашақ сарбаздарға естелік сыйлықтар табысталды. Ақтауға өңірден 25 әскерге шақырылушы жол тартпақ.