Өскеменде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «7 керемет» атты фестиваль өтті

903
көрілім

Өскемен қаласындағы Сол жағалау саябағында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өтті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

«7 керемет» атты фестиваль жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатыр. Соның аясында балалар түрлі боялармен асфальтқа сурет салып, мультфильм кейіпкерлерімен спорттық ойындар ойнап, караоке batle-ға қатысып, квест шешті. Келушілер концерт тамашалап, сайқымазақтармен ойын алаңында көңіл көтерді. Бұдан бөлек, балаларға дастархан жайылып, балмұздақ таратылды.

«Саябақ аумағы 7 алаңға бөлініп, әр жерде қызықты шаралар ұйымдастырылды. Жалпы тек Өскеменде ғана емес, бұл күні облыстың түкпір-түкпірінде балаларға арналған шаралар өткізіліп жатыр. Аймақ бойынша 180 мыңнан астам бала қамтылады деп жоспарланып отыр», - деді ШҚО Білім басқармасының бас маманы Қанат Оралбек.