Өскеменде интимдік қызмет көрсетемін деп 11 мың теңге жымқырған әйел ұсталды

394
көрілім
Шартты фотосурет

Желтоқсан айының басында Өскемен қалалық полиция басқармасының Үлбі полиция бөліміне ақшасынан айырылған 18 жастағы тұрғыннан арыз түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жәбірленушінің айтуынша, сол күні түнгі уақытта интимдік қызмет көрсетемін деп пәтеріне келген қыз 11 000 теңге ақшасын жымқырды. Бір қарағанда 25-30 жаста деп ойлаған.

Полиция қызметкерлері дереу іздеу жұмыстарына кіріскен.

- Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері қылмысты жасаған күдіктіні анықтады. Жауап алу барысында ол жұмыссыз жүрген 33 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Іс жүргізу кезінде әйел өз кінәсін мойындады, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта қаскөйге қатысты келу міндеттемесі түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті кінәлі деп танылған жағдайда, оған 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.