Өскеменде іш киіміне есірткі жасырған павлодарлық ұсталды

535
көрілім

«Қарасора-2021» жедел алдын алу іс-шарасы барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қаласы көшелерінің бірінде психотроптық заттарды қойып кетушіні ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

 Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29 жастағы ер адам қолға түскен.

 - Ол оңай ақша табу мақсатында психотроптық заттарды байланыссыз тәсілмен сатты, яғни қала аумағында есірткіні қойып кету жолымен таратқан. Жеке тінту жүргізу кезінде ұсталған адамның іш киімінен көк түсті изолентамен оралған 41 түйіншек табылып, оның ішінде 41 полимерлік зип-пакет болды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Сарапшының қорытындысына сәйкес алынған зат жалпы салмағы 23,241 грамм «α-пирролидиналерофенон» психотроптық заты болып шықты. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында.

Ер адам синтетиканы тарату арнасын құру үшін Павлодар қаласынан облыс орталығына келіп, жалдамалы пәтерде тұрғаны анықталды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі 1,3,5-тармақтарыне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, баптың санкциясымен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.