Өскеменде із-түссіз жоғалған әйел іздестірілуде

430
көрілім

46 жастағы Сәния Садықова жұмыстан шыққан беттен үйіне оралмаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

16 тамыз күні полицияға ер адам хабарласып,12 тамызда із-түссіз жоғалып кеткен туысқан апайын іздестіруге көмек сұраған. Жоғалған Садықова Сәния Қадырханқызы 1975 жылы туған

LIDER.KZ еріктілерінің айтуынша, Сәния сол күні жұмыстан шығып, үйіне оралмаған.Үстіне ақ спорттық костюм, ақ орамал және ақ кроссовка киген. Хабар-ошарсыз кеткен әйелдің айырықша белгісі - мұрнының үстіндегі мең. Әйелдің қасында құжаттары, телефоны, ақшасы болған.

Жоғалған адамды іздеуге атсалысқысы келетіндердің барлығы WhatsApp желісі арқылы байланысқа шыға алады: + 7-771-466-54-38