Өскеменде Қалқаман Сариннің жаңа кітабының тұсаукесері өтті

352
көрілім

Өскемен қаласында ақын Қалқаман Сариннің «Екеуіміз» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Бүгін А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Шабыт» фестивалінің және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сариннің жаңа кітабының тұсауы кесілді. Шара барысында автор оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, сиясы кеппеген өлеңдерін оқып берді.  

- Өлеңсүйер қауымның жүрегінен ерекше орын ала білген қаламгердің шығармалары әр жастағы адамдар арасында кеңінен танымал. Ақын «Екеуіміз» атты жаңа жинағында қазақтың қара өлеңін өзіндік бояумен өрнектеп, ерекше реңк берген. Қалқаман Сариннің ақындық қабілеті оның републикалық поэтикалық байқауларға ұсынған алғашқы шығармаларынан-ақ бағаланған-тұғын. Енді осы жинағы кітапхана сөресінен лайықты орын алып, оқырманын күтуде, - дейді кітапхананың өлкетанушы-библиографы Гүлбаршын Абылғазинов.