Өскеменде қаңғырған иттермен күрес күшейтіледі

392
көрілім

Бұл туралы Өскемен қаласы әкімдігінің отырысында айтылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшсі.

Биылғы жылдың өзінде облыс орталығында 762 адамды көшеде қаңғырған иттер қауып алған. Бұл өз кезегінде сонша адам дәрігерлік көмекке жүгінді деген сөз.

– Әлеуметтік желілер арқылы ауладағы қаңғыған иттердің қаптап кеткені туралы хабарламалар көп келеді. Өз кезегінде олар сол маңға адамдарды жолатпай жатады. Бұл ретте олардың көзін жоюдан басқа амал жоқ. Қауіп төнген кезде ауыруды сездірмейтін арнайы токсинді оқ-дәрілердің көмегімен оларды ұйықтатады, – деді Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әлібек Тұрсымбетов.

Қаланың кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының орынбасары Серікхан Кудебаевтың айтуынша, қаладағы қаңғыбас иттер мен мысықтар санын азайту шаралары алдыңғы қатардағы мәселелердің бірі. Өйткені иесіз жүріп, қоқыстарды аралайтын жануарларға екпе салынып, арнайы шаралар жасалмайтыны белгілі. Сондықтан төрт аяқтылар түрлі аурулардың таратушысы болуы әбден мүмкін.

Айта кетейік, аталған шараға байланысты әлеуметтік желі қолданушыларының пікірлері екі жаққа бөлінген. Қолдаушылармен қатар, жануарлардың жанашырлары да табылып жатыр.