Өскеменде қаңтар айының соңында ауа сапасын онлайн бақылау тоқтатылады

338
көрілім

10 қаңтардан бастап өндірістік экологиялық мониторингтің аймақтық автоматтандырылған өлшеу жүйесінің газ анализаторлары тексеруге жіберіледі, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Тиісті ережелерде газ анализаторларын жыл сайын мамандандырылған ұйымдардан тексеруден өткізу қарастырылған, - деп хабарлады «Қоршаған ортаны қорғау орталығы» ЖШС баспасөз қызметі. - Өндірістік экологиялық мониторингтің аймақтық автоматтандырылған өлшеу жүйесінің газ датчиктері Бүкілресейлік метеорологиялық қызмет ғылыми-зерттеу институтына (Мәскеу) жіберіледі.