Өскеменде қатты ыстық пен қолайсыз метеожағдайлар күтілуде

357
көрілім

Шығыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


– 13 тамыз күні облыстың кей аудандарында шығысқазақстандықтарды +36°С-ға дейінгі ыстық мазалауы мүмкін, – деп мәлімдеді Қазгидромет мамандары.
Бұған қоса, 12 тамыз күні сағат 21:00-ден 13 тамыздың сағат 21:00-не дейін Өскемен, Риддер қалалары мен Жаңа Бұқтырмада ІІ деңгейлі қолайсыз метеожағдай орнайды.