Өскеменде қайық ұрламақшы болған ұры құрықталды

286
көрілім

Жедел-іздестіру шаралары барысында 25 жастағы ер адам ұрлық фактісі бойынша ұсталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Ағымдағы жылдың 1 тамызы күні 47 жастағы әйел хабарласып, 2018 жылдың тамызы мен қыркүйегі аралығында белгісіз біреу Пограничный көшесіндегі гаражынан «PAKSUN T40FWS» қозғалтқышты «RY-B420» маркалы қайығын ұрлап кеткенін айтқан. Келтірілген шығын көлемі 1 000 000 теңгені құрайды.
– Тергеу барысында ұсталған ер адам қылмысын мойындаған. Заттай айғақ кері қайтарылды. Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.