Өскеменде кейбір автобус бағыттары жұмысын тоқтатуы мүмкін

297
көрілім

«Көлік және коммуникация ғылыми зерттеу институты» ЖШС-нің тексеруі бойынша кейбір қалалық қоғамдық көлік бағыттары тиімсіз екені анықталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


 Сараптама жұмыстары нәтижесінде № 231, 232-нші шағын автобустардың саны қысқартылып, № 11, 23 бағыттағы автобустардың жүруі тоқтатылды, - деп хабарлады Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Тамара Рахимжанова. - Қазіргі уақытта автомобильдердің жолаушылар мен жүк тасымалы жұмысы бойынша қалалық конкурсты қайта өткізу жоспарлануда. Байқау нәтижесінде № 11, 23-нші бағыттар жұмысы жалғаспаса, жабылатын болады.


Әкімдікте Өскемен қаласы бойынша басқа бағыттарға өзгеріс болмайды деп сендірді.