Өскеменде қоғамдық орындарды санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде

71
көрілім

Өскемен қаласында қоғамдық орындарды санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.  

Шаһардағы коммуналдық қызметтер санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шараларды қолға алған. Қазірде жылы аялдамалар толықтай дезинфекцияланды. Келесі кезекте жер асты және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдері мен аялдама павильондары тұр. 
- Әуелі павильонның іші және сырты ыстық сумен шайылады. Содан кейін орындықтар, есік тұтқалары түгелдей дезинфекциялық құралдармен жуылады, - деп хабарлады қалалық әкімдіктегілер.  
Ал жабық нысандарда, яғни жер үсті және жер асты өткелдерінде, жылы аялдамаларда дезинфекциялау жұмыстары күн сайын жүргізілмек. Дәл осындай шаралар қоғамдық дәретханаларда да атқарылуда.