Өскеменде көктайғақ салдарынан автобус бағдаршам бағанасына соғылды

377
көрілім

Өскемен қаласында көктайғақ салдарынан автобус бағдаршам бағанасына соғылған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.   

Қалалық Полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең Чехов пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орын алды. №3 бағыттағы автобус бұрылған кезде бағдаршам бағанасына соғылған.   

- Зардап шеккен ешкім жоқ. Қозғалыс кезінде ауа-райы жағдайын ескермеген қоғамдық көлік жүргізушісі қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.