Өскеменде Конституцияға өзгеріс енгізу бойынша өтетін референдум талқыланды

445
көрілім

«AMANAT» партиясы ШҚО бойынша филиалының өкілдері ұйымдастырған шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров қатысты, деп қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шара барысында облыстық және қалалық мәслихат депутаттары сөз алып, сауалдарымен қатар өтініштерін айтты. Басым көбі жайылымның игілігін жергілікті жұрт емес, өзге ауыл, ауданда тұратын қалталылар иемденіп отырғанын, шекаралық аудандарда жол, ауызсу сынды түйткілдердің біртіндеп болса да шешіліп жатпағандығын жеткізді. Шет аймақтардағы 83 ауылдың қазіргі уақытта қаңырай бастағандығы Жаңа Қазақстан құру саясатын мейілінше жеделдету қажет тілек білдірді.
- Марқакөлді алып қарасақ та ондаған жыл ішінде тұрғындардың үдере көшкенін байқаймыз. Алайда жергілікті жұрт негізінен малмен күнелтетіндіктен жайылым тапшылығы әлі де аңғарылады. Елдімекен аумағында бос жер анықталса құжат жүзінде иесі бар болып шығады. Сонда неліктен мұндай мәселе Заңнамаға сәйкес шешілмейді? Жер жекеменшікке берілуі тиіс деп ап-анық жазылған ғой, - деді Ұлан ауданынан келген аудандық мәслихат депутаттарының бірі.
Бұл ретте Парламент Мәжілісінің депутаты тұрғындардың Заңнаманы өз пайдасына жарата алмай жүргендерін алға тартты.
- 2022 жылдың 1 қаңтарында жайылымға қатысты түзетулер мен өзгерістер енгізілді. Негізі көп дүние жергілікті басшылық деңгейінде шешілуі қажет. Министрлік деңгейінде көтерілген мәселе еді, күні бүгінге дейін жүзеге асырылмай жатқаны жұмбақ. Кейде мұны аудан әкімдіктері қасақана қолдамаулары мүмкін, - деді Ерлан Биахметұлы.