Өскеменде көпқабатты тұрғын үйдің бірінен өрт шығып 24 адам эвакуацияланды

354
көрілім

Өрт қаладағы Металлургтер көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінде болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Алдымен жалын ошағы екінші қабаттан басталып үшінші қабаттағы пәтерді шарпыған. Өрт сөндірушілер келгенше дейін екінші қабаттан секіріп кеткен 1998 жылғы бозбала ауыр жарақат алып ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар отқа оранған үйге көрші орналасқан пәтерден 2014 жылғы қыз бен анасын құтқарып алды. Тағы 24 адам эвакуацияланып, жалпы саны 4 адам құтқарылды.

– Өрттің шығу себебі бойынша отпен абайсыз болу және электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау болжамы қарастырылуда. Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 28 шаршы метрді сөндірді. Барлығы 4 бірлік техника мен жеке құрамнан 20 адам жұмылдырылды, – дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.