Өскеменде коронавирус инфекциясы пайда болған жағдайда 3605 төсек-орын қолданысқа берілмек

361
көрілім
Шартты фотосурет

Ауруханаларда науқастарға ем-дом қабылдауға қажет орындар бөлінуін бақылауға алып, қадағалау күн тәртібіне қойылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс орталығында өткен жиында ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан қалада қауіпті дерт инфекциясы пайда болған жағдайда 3605, оның ішінде, қатерлі індет жұқтырғанға – 500-і, алдын алу үшін – 600 және карантинге арналған 4500 төсек-орын бөлінгендігін жеткізді.
– Қажеттілік туындаса, қатерлі індет жұқтырғандарға – 912, алдын алу үшін – 1000, карантинге арналған тағы 4500 қосымша төсек-орын бөлу жоспарда бар, – деді Ілияс Мұхамеджан.