Өскеменде коронавирус күдігімен ауруханаға жатқызылған тұрғынға ЖРВИ диагнозы қойылды

393
көрілім

Өскемен қаласына Таиландтан ұшып келген әйел жедел респираторлық вирустық инфекция белгілерімен ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, пациент ЖРВИ белгілерімен амбулаториялық орталықтың терапевтіне жүгінген. Анықталғандай, ол осыған дейін Тайландта демалыста болыпты.

- Тексеруден өткізілген әйелден коранавирус табылмады. Медициналық мекеме қызметкерлері бекітілген алгоритм мен коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы жарлыққа сәйкес әрекет етті. Енді пациент 14 күн бойы үйде карантинде болады, - делінген мәліметте.